Тарихы
Біз білетін Қайсар
КСРО чемпионатына Қызылорданың командасы ең алғаш 1968 жылы қатысты. Ол кезде команда «Кызыл-Орда» деп аталатын. Артынша атауын «Волна» деп өзгертсе, көп ұзамай «Автомобилист» атанды. Кейін қызылордалық команда КСРО чемпионаттарында «Орбита», «Мелиоратор» және «Кайсар» деген атаулармен өнер көрсетті.
Жалпы, клуб КСРО чемпионаттарында әр жылдары әркелкі нәтижелер көрсетті. Ал 1991 жылы КСРО біріншіліктеріндегі ең жоғарғы жетістігіне қол жеткізіп, Виктор Григорьевич Веретновтың жаттықтыруымен команда өз аймағында үздік төрттіктен көрінді.
Кеңестік чемпионаттарда Сыр өңірінің командасы барлығы 858 ойын өткізіпті. Оның 304-ін жеңіспен аяқтаса, 184-інде тең түсіп, 370 кездесуде жеңіліп қалған. Доп айырмашылығы — 1013:1126.
Ал Қазақстан чемпионатында «Қайсар» барлығы 22 маусым өткізді. Оның 17 маусымында командамыз ел біріншілігінің ең жоғарғы дивизионында (Жоғарғы лига, Суперлига, Премьер-лига) өнер көрсеткен. 1998/99 жылғы футбол маусымында ел кубогын жеңіп алса, 2008 жылы Қазақстан Премьер-лигасында 4-орынды иемденген.
Бүгінде команда өз алаңындағы ойындарын Қызылорданың Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадионында өткізіп жүр. Стадион 1968 жылы салынған. Алаң көлемі – 105х68 м.
Қайсар» футбол клубының барлық бас бапкерлері:
Петр Боголюбов, Виктор Шишин, Юрий Дедиков, Тимур Сегізбаев, Виктор Веретнов, Русланбек Дзасохов, Вадим Нұрпейісов, Александр Прохоров, Анатолий Пак, Василий Цыпкун, Юрий Хакимов, Пернебай Кенжебаев, Шазидин Кенжебаев, Воит Талғаев, Владимир Марьянков, Әбіл Қалымбетов, Марат Есмұратов, Болат Есмағамбетов, Виктор Кумыков, Тілеухан Тұрмағамбетов, Сергей Гороховодацкий, Хазрет Дышеков, Сұлтан Әбілдаев, Владимир Линчевский, Альгимантас Любинскас, Сергей Когай, Владимир Никитенко, Сергей Волгин, Дмитрий Огай, Федор Щербаченко, Султан Әбілдаев (бүгінгі күнге дейін)
2016 жылғы маусым
2015 жылғы маусымды турнирлік кестенің соңғы орнында аяқтаған «Қайсар» бұл маусымда бірінші лигада өнер көсретуге мәжбүр.
Бұл маусымда клубтың алдында Біріншілктің жеңімпазы болып Премьер-лигаға жолдама алу мақсаты қойылып тұр.
Жергілікті маман Сұлтан Әбілдаев бастаған команда дұрыс бағытта келе жатырғаны анық – команда бірінші кезеңді турнирлік кестенің бірінші орнында аяқтады.
«Қайсар» Қазақстан чемпионаттарында
Жыл | Лига | Орын | Ойын | Жеңіс | Тең ойын | Ұтылыс | Доптар | Үздік сұрмерген |
1992 | Жоғарғы | 10 | 38 | 18 | 3 | 17 | 48-37 | С. Когай – 21 |
1993 | Жоғарғы | 21 | 48 | 15 | 6 | 27 | 52-85 | А. Шекиладзе – 10 |
1994 | Бірінші | 9 | 34 | 5 | 6 | 23 | 21-67 | С. Когай – 10 |
1995 | Бірінші | 1 | 18 | 12 | 4 | 2 | 28-8 | В. Логинов – 6 |
1996 | Жоғарғы | 7 | 34 | 15 | 11 | 8 | 39-25 | В. Логинов – 9 |
1997 | Жоғарғы | 8 | 26 | 13 | 5 | 8 | 39-23 | В. Логинов – 12 |
1998 | Жоғарғы | 4 | 26 | 16 | 5 | 5 | 42-17 | Н. Мазбаев – 14 |
1999 | Жоғарғы | 5 | 30 | 17 | 7 | 6 | 47-19 | Н. Мазбаев – 14 |
2000 | Жоғарғы | 6 | 28 | 12 | 7 | 9 | 36-23 | В. Логинов – 10 |
2001 | Жоғарғы | 11 | 32 | 11 | 7 | 14 | 33-40 | В. Логинов – 19 |
2002 | Суперлига | 10 | 32 | 10 | 2 | 20 | 31-55 | Д. Назаров – 6 |
2003 | Суперлига | 13 | 32 | 9 | 7 | 16 | 26-42 | В. Козий – 8 |
2004 | Суперлига | 16 | 36 | 9 | 4 | 23 | 24-61 | В. Козий – 5 |
2005 | Бірінші | 1 | 24 | 17 | 6 | 1 | 51-11 | К. Канин – 9 |
2006 | Суперлига | 15 | 30 | 8 | 4 | 18 | 29-53 | Д. Тәжімбетов – 6 |
2007 | Суперлига | 10 | 30 | 10 | 7 | 13 | 27-37 | М. Цыгалко – 6 |
2008 | Премьер-лига | 4 | 30 | 13 | 10 | 7 | 29-22 | М. Байжанов – 10 |
2009 | Премьер-лига | 13 | 23 | 3 | 5 | 18 | 15-45 | Д. Тәжімбетов – 4 |
2010 | Бірінші | 2 | 34 | 25 | 6 | 3 | 74-23 | Д. Тәжімбетов – 4 |
2011 | Премьер-лига | 8 | 32 | 10 | 5 | 17 | 29-53 | И. Перич – 5 |
2012 | Премьер-лига | 9 | 26 | 8 | 6 | 12 | 21-33 | Г. Црногорац – 4 |
2013 | Бірінші | 1 | 24 | 23 | 8 | 3 | 77-20 | Ж. Молдақараев – 28 |
2014 | Премьер-лига | 4 | 32 | 10 | 13 | 9 | 30-34 | Р.Хунт - 8 |
2015 | Премьер-лига | 12 | 32 | 4 | 12 | 16 | 20-36 |