
Бүгін Премьер-лигамен қатар Бірінші лига ойындары өтті. Қызылордалық "Байқоңыр" командасы түзде "Ақтөбе жас" командасына қонаққа барып, 0-2 есебімен жеңіске жетті. Шойтымов шәкірттері ойын басталысымен допқа көп иелік етіп, алаңда бірінші нөмірмен ойнады. Кездесудің 8 минутында Аян Құлмағанбетов есеп ашса, 90+2 минутта Әлім Тәңірбергенов көзге түсіп, ойынды қорытындылады.
"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі