
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 19 туры ойыны аясында "Қайсар" "Ақтөбені" қабылдап, 0-1 есебімен жол берді. Тоқсан минуттағы тартыстың жалғыз голы ойынның 41 минутында соғылды. Оң қапталдан Ардақ Сәулеттің бағыттаған добы қақпа ішінен табылды. Ойынның екінші жартысында алаң иелері тұтастай ойынды өздеріне алғанымен гол соға алмады. Қорытынды есеп 0-1!
"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі