
Бірінші лигада бағын сынап жүрген "Қайсар U-21" командасы бүгін "Шахтер" жастарын қабылдап, 3-2 есебімен жеңіске жетті. Қонақтар алғашқы таймда белсенді болып, алаң иелеріне екі доп салды. Бірінші тайм аяқталар тұста Қасымхан Алпысбаев есеп айырмасын қысқартып, командалар үзіліске бет алды.Кездесудің екінші жартысында Жоламан шәкірттері қырағылық танытып, жеңісті жұлып алды. Алдымен Нұрдәулет Әмірбек есепті теңестірсе, Еркебұлан Кенжебай жеңіс голын соғып, командасына үш ұпайды сыйға тартты. Қорытынды есеп 3-2!
"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі