
Футболдан Қазақстан премьер лигасының 27 тур ойынында "Қайсар" "Қайратты" қабылдап, 0-1 минималды есебімен жол берді. Кездесудің алғашқы жартысында алаң иелері шабуылға көп иек артты. Бірде Куле, бірде Букиа Покотиловтың қақпасын нысанаға алып көрді. Дегенмен қонақтардың қақпашысы сауатты ойнап, қақпасын құрғақ сақтады.
Кездесудің екінші жартысында Шпилевский бапкер құрамға бірнеше өзгерістер енгізді. Ойынның 56 минутында Бауыржан Исламханның асырған добына Раде Дугалич бірінші жетіп, таблодағы есепті ашты. Бұл голдан кейін алаң иелері тайлы-тұяғымен шабуылға шығып, гол соғатын бірнеше мүмкіндікті мүлт жіберді. Осылайша, Қызылордада өткен ойын 0-1 есебімен аяқталды.
"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі