
Футболдан Қазақстан премьер лигасының 28 турында "Қайсар" ел чемпиондарына қонаққа барды. Астана-Арена стадионында өткен кездесуде алаң иелері үш гол соғып, кезекті үш ұпайын еншіледі. Алдымен ойынның 13 минутында Абзал Бейсебеков алғаш болып есеп ашты. Абзалдың қозғалысы бір қарағанда ойыннан тыс қалғандай көрінді. Дегенмен бас төреші Бейсебековтың еңбегін бағалап, голды сақтап қалды. Мұнан кейін қасқырларда гол соғатын екі бірдей мүмкіндігі болды. Бірде Мбомбо бос қақпаны дәл көздей алмаса, бірде Барсегян бағыттаған доп қақпа маңдайшасынан кері серпілді. Ел біріншілігінде ұмыт болған Сергей Хижниченко "Қайсарға" қос гол соғып, кездесуді түйіндеді.