
– "Ертіс" ел біріншілігіндегі мықты ұжымдардың бірі. Өз алаңында кез келген командадан ұпай еншілей алады. Чемпионаттың шешуші матчтары болып жатқан соң барлық ойын да тартысты өтеді. Біз "Ертіске" жақсы дайындалдық. Төрешінің кейбір шешімдері біздің ұпай аламыз деген мақсатымызды бұзды деуге болады. Алаңда 9 ойыншымен нәтижені жақсарту қиын. Дегенмен жігіттер қарсыласынан кем ойнасада оңайлықпен берілген жоқ.