
Футболдан Қазақстан бірінші лигасының 25 туры аясында "Байқоңыр" "Ақтөбе жасты" қабылдап, 4-0 есебімен айқын жеңіске жетті. Ойынды ширақ бастаған алаң иелері бірінші таймда Бекзат Құрманбекұлының арқасында алға шықты. Кездесудің екінші жартысында "Байқоңыр" қарсыластарына жауапсыз үш гол соқты. Ислам Рахметов пен Тұрарбек Қуанышбеков қорғаушылардың қателігін ұтымды пайдаланса, Нұрдаулет Әмірбек ойынның нүктесін қойды. Енді Шойтымов шәкірттері Бірінші лиганың соңғы ойынын "Қызылжармен" түзде өткізеді.
ФК "КАЙСАР"