
"Қайсар" футбол командасы табалдырығымыздан енді аттағаy жаңа
2020 жылмен шын жүректен құттықтайды! Өткен жылы клубымыз үшін сәтті жыл болды. Маусымның қорытындысымен Қазақстан кубогын еншіледі, сондай-ақ тұңғыш рет Еуропа лигасына жолдама алды. Әрине, бұл жетістіктер жанкүйерлердің ерекше қолдауының арқасында келді.
Жаңа 2020 жылы барлығымызға жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбастарыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Мерейіміз үстем, беделіміз биік, абыройымыз асқақ болсын! Ізгі ниетпен, "Қайсар" футбол командасы!