
Бүгін "Қайсар" Анталиядағы 5-жаттығу күнін өткізді. Жаттығу жұмыстары әдеттегідей жүгірумен басталды. Ойыншылар бірнеше шақырымда жүгіріп, физикалық қалыпқа келудің нормасын орындады. Ал кешкі жаттығу техника мен тактикаға бағытталды. Сонымен қатар бүгін команданың жартылай қорғаушысы Марк Гурман қатарға қосылды. Естеріңізге сала кетейік, Марк сырқаттанып қалуына байланысты алғашқы 4 күнге атсалыса алмады.