Украиналық қорғаушы қаралымда жүр
«Қайсардың» Жерорта теңізіндегі жаттығу жиынына украиналық қорғаушы Ризван Аблитаров келіп қосылды. Өткен маусымда Атырау сапында доп тепкен ойыншы әзірге қасқырлар қатарында қаралымда болмақ. Соңғы 3 маусымда Ел біріншілігінде өнер көрсеткен Ризван отандық жанкүйерлерге етене таныс. 30 жастағы ойыншы өткен жылы премьер лигада 30 ойынға қатысып, 2 гол соқса, Қазақстан кубогында 4 рет алаңға шыққан.