
«Қайсар» командасы «Фейеноорд» клубының түлегі Алвин Фортесты қатарына қосты. Кабо Верде құрамасының ойыншысы 1994 жылы 25 сәуірде дүниеге келген. Алвин футбол мансабында «ПС Кеми», «Валвейк», «Йонг Витесс», «Осс», «Болуспор», «Вероя», «Збройовка Брно», «Дила» секілді командаларда доп тепкен.
Алаңға 111 мәрте шығып, 18 рет мергендігімен көзге көрінген. «Қайсарға» дейін Грузия біріншілігіндегі «Дила» командасының намысын қорғап, 34 мәрте ойынға атсалысып, 8 гол соққан. Алаңда жартылай қорғаушы қызметін атқарады.