
Бірінші лигада Сырдың намысын қорғайтын "Байқоңыр" командасы Өзбекстанға жетіп, алғашқы жаттығуыларын бастады. Шойтымов шәкірттері бұл жиында физикалық жаттығуларға баса назар аударатын болады. Айта кетейік, "Байқоңыр" 10 ақпанда "Янгиер Курувчи" командасымен жолдастық кездесу өткізеді.