
Бүгін "Қайсар" футбол клубы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарған Олжас Азатұлымен кездесіп, зор қошемет білдіріп, жаңа қызметіне табыс тіледі. Олжас Акимовтың тұсында "Қайсар" командасы премьер-лигада сәтті ойнап, қойылған міндетті мүлтіксіз орындады. Клуб 2017 жылы ел біріншілігінен 6-орынды иеленсе, 2018 жылы үздік бестікке енді.
Өткен жылы 20 жылдан кейін Қазақстан кубогын жеңіп, Еуропа лигасына жолдама алды. Кездесу соңында клуб ұжымы Олжас Азатұлына естелікке "Қайсардың" 8 нөмірлі жейдесі табысталды.