
Бүгін қызылордалық команда тұңғыш рет суперкубок ойынында бақ сынады. Еліміздің 6 дүркін чемпиондарымен сынға түскен командамызға сәттілік серік болмады. Билек бапкердің шәкірттері 40 минутта есеп ашуға мүмкіндік алды. Тигран Барсегянның шабуылуын Сотириу ұтымды пайдаланып, командасын алға шығарды.
Кездесудің екінші жартысында қасқырлар тайлы-тұяғымен шабуылға шыққанымен нысананы көздеуде дәлдік жетіспеді. Қорытынды есеп 1-0! Енді дала қасқырлары 8 наурызда өз алаңында "Ертісті" қабылдайды.