
"Қайсар" командасына жанашыр жанкүйерлердің қолдауы әрқашан маңызды. Команданың әр ойынын қалт жібермей, стадионнан табылатын ардагер жанкүйерлерге бүгін құрмет көрсетілді. Клубтың директоры Серік Құттыбайұлы бірнеше ардагер жанкүйерге бір жылдық тегін кіру құжатын табыстады.