Өз алаңымызда ойнағандай сезіндік

– Ең алдымен алыс жолдан келген жанкүйерлерге ерекше алғысымды жеткіземін. Өйткені біз Алматыда ойнасақта жанкүйерлердің қолдауының арқасында өз алаңымызда жүргендей сезіндік. Бұл біздің жеңістің бір белгісі деп білемін. Жоғары деңгейлі матч болды. Бастысы, бас бапкердің тактикасын сауатты орындап, маңызды 3 ұпайға қол жеткіздік.