Күтпеген кездесу

- Мартин, алдымен өзіңді жолықтырғанымызға қуаныштымын!
- Раxмет!
- Қазір қандай шаруамен айналысып жүрсің?
- Бүгінде Чеxияның 3-ші дивизионында өнер көрсететін "Йирни" клубында доп теуіп жүрмін. Мұнан бөлек қосымша қызметім де бар. Чехия Чемпионатында өнер көрсететін командалардың Түркиядағы оқу-жаттығу жұмыстарының ұйымдастырушысымын.
- "Қайсарда" ойнаған кездеріңіз есіңізде шығар?
- Әрине, "Қайсарда" жақсы кезеңдер өтті. "Қайсардың нәтижелерінеде көз салып қоям және ол жақта әлі де ойнағым келеді. Егерде шақырып жатса клубтың дамуына үлесімді қосар едім.
- "Қайсардың" жанкүйерлеріне сәлем жолдау мүмкіндіңіз бар...
- Ең алдымен қызылордалық барша жәнкүйерлерге үлкен сәлем жолдаймын. "Қайсардың" намысын қорғағаныма мақтанамын. Жүрген жерімде Сыр жанкүйерлерін ең үздік деп айтып жүремін.
- Мартин, уақыт бөлгеніңіз үшін көп раxмет.
- Сіздерге де алғыс білдіремін.
"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі.