kz ru
Facebook VK YouTube Instagram
Kaysar football club

Қасқырлар түркімен чемпионын ірі есеппен ұтты

  Сырдың бас командасы Түркиядағы жолдастық кездесуін түркімендік "Алтын Асырмен" түйіндеді. Қасқырлар бұл кездесуде қарсылас қақпасына жауапсыз 4 доп соғып, түркімен чемпионын  айқын басымдықпен жеңді.  Стойчоның шәкірттері кездесу басталысымен ""Алтын Асырдың" қақпасын торуылдаумен болды. Кездесудің 34-ші минутында Карлитос әріптесі Мақсат Байжановтың көмегімен қақпашымен жеке дара шығып, матчтың алғашқы голын салды. Мұнан кейін қос тарап допты бағамдаумен ойынның бірінші бөлігін аяқтады. Кездесудің екінші бөлігінде қасқырлар қарсыласына 3 доп енгізді. Ойынның 60-шы минутында Асхат Тағыбергенның асырған добына Марат Хайруллин бірінші жетіп, есепті еселеді.  Бұл голдан кейін "Алтын Асыр" есеңгіреп, көп жаңылды. 76-шы минутта Шоқан Абзаловқа қарсы тәртіп бұзып, төреші 11 метрлік айып добын белгіледі. Нүктеге келген Братислав Пунощевац есепті 3-0-ге ұлғайтты. Ойынның бітуіне санаулы сәттер қалғанда Марк Гурман қарсылас қапасына 25 метрден шірене теуіп, есепті 4-0 ге жеткізді. Осылайша, қасқырлар қарсыласын оңай еңсеріп, Түркиядағы жолдастық кездесуін түйіндеді.
ФК "ҚАЙСАР" баспасөз қызметі
Жаңалықтар 22 ақпан 2019 г. 2 079

Келесі матч

11.09.2022 18-00
Қызылорда
Первая команда Вторая команда
ФК "Қайсар" – ФК "Қыран"

Турнирлік кесте

  • «Қайсар»
  • «Қайсар U-21»
Команды
И
М
О
  • 1
    ФК «Окжетпес»
    26
    80-22
    61
  • 2
    ФК "Кайсар"
    26
    60-26
    56
  • 3
    ФК «Жетысу»
    26
    57-23
    52
  • 4
    ФК «Кайрат А»
    51
    61-31
    51
  • 5
    ФК «Кыран»
    26
    57-43
    41
  • 6
    ФК «Екибастуз»
    26
    45-47
    37
  • 7
    ФК "Тараз Каратау"
    26
    45-47
    36
  • 8
    ФК "Женис"
    26
    40-36
    35
  • 9
    ФК "Яссы"
    26
    47-52
    35
  • 10
    Фк "Онтустик Академия"
    26
    42-60
    30
  • 11
    ФК "Астана Ж"
    26
    50-62
    27
  • 12
    ФК "Игилик"
    26
    25-69
    21
  • 13
    ФК «Шахтер-Болат»
    26
    36-52
    17
  • 14
    ФК «Байконур»
    26
    16-71
    7
Команды
И
М
О
  • 1
    ФК "Каспий U-21"
    2
    4-1
    6
  • 2
    ФК "Кайсар U21"
    2
    3-3
    3
  • 3
    ФК «Атырау- U21»
    2
    2-2
    3
  • 4
    ФК «Актобе- U21»
    2
    0-3
    0