"Байқоңыр" жиындағы алғашқы ойынын өткізеді
Қарсыласы – Өзбекстан бірінші лигасында өнер көрсететін "Янгиёр" командасы. Қарсылас команда жайлы қысқаша ақпарат ұсынсақ. 1966 жылы "Целинник" атауымен құрылған. Бұл клуб көбіне "Гүлістан" есімімен белгілі. Өйткені осы атаумен клуб Өзбекстан премьер лигасында ойнаған. Команда жоғары лигадан қол үзіп қалғанына 20 жылға жуық уақыт болған. Екеуара тартыс 16 наурыз күні Қызылорда уақытымен 16-00 де басталады. Ойын "Янгиёр" клубының спорттық базасында өтеді.
"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі