
"Қайсар" командасының ойыншысы Тигран Барсегян "Армения" құрамасына шақырту алып, өз елінің құрамасына қол үшін созуға аттанып кетті. "Еуропа" чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Армения құрамасы алдымен Босниямен жолқса, 26 наурызда Финлияндия құрамасымен шеберлік байқасады. Аталмыш ойындарда Тигран Барсегянға сәттілік тілейміз.
"Қайсар" ФК баспасөз қызметі