
Бірінші лигада Сырдың намысын қорғайтын "Байқоңыр" командасы 4 турда "Шаxтер Болатқа" қонаққа барып, бір ұпай еншіледі. Бұл ойында алаң иелері алғаш болып есеп ашты. Ойынның екінші жартысында Самат Балымбетов пен Нұрдаулет Әмірбек көзге көрініп, командасын алға шығарған. Дегенмен "Шаxтер Болаттың" шабуылшысы Сергей Ветров қосымша уақытта командасын жеңілістен құтқарды. Айта кетейік, "Байқоңырдың" қақпашысы Нұрым Салайдын ойын сәтінде 11 метрлік айып добын қайтарды.
"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі