
Қызылордалық "Қайсар" премьер-лиганың 9 турында "Ақтөбеге" қонаққа барды. Стойчо шәкірттері түздегі жеңісті сериясы бұл турда да жалғасын тауып, қарсыластарды 1-3 есебімен жеңді. Кездесу басталысымен қасқырлар жылдам гол соғып, алаң иелерін әбігерге салды. 4 минутта Асхат Тағыбергеннің бұрыштамадан асырған добына Александр Морочкин бірінші жетіп, командасын алға шығарды. Бұл голдан кейін, қос тараптан да қауіпті шабуылдар бола қоймады. 41 минутта қарсылас команданың қорғаушысы Саят Жұмағалидың тепкен добы Асхат Тағыбергенге тиіп, доп қақпа ішінен бір-ақ шықты. Есеп 0-2. Артынша Абат Айымбетов әупірімдеп жүріп, есепті қысқартқан. Дегенмен "Қайсардың" армениялық легионері Тигран Барсегиянның 30 метр жерден шірене тепкен добына Рамиль Нұрмағамбетов тойтара алмай, допты қақпа ішінен алып шықты. Бұл гол ойынның нүктесін қойды.
"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі