
"Оқжетпес" қандай қарсылас болмасын өз алаңында ұпай еншілеп қалатын клуб. Сондықтан шабуылда ширақ, қорғаныста берік болуымыз тиіс болды. Бірінші таймда алғаш болып есеп ашқанымызбен сәл қорғаныста жатып алдық. Соның салдарынан қақпамызға гол енгізіп алдық. Дегенмен екінші таймда біз шабуылға көп шығып, діттеген мақсатымызға қол жеткіздік. Шыны керек, жанкүйерлеріміздің арқасында қонақта ойнағанымыз білінбеді.
"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі