
Футболдан Ел біріншілігінің екінші айналымы басталып, "Қайсар" "Жетісуға" қонаққа барды. Алаң иелері қасқырлардың үздіксіз ойын кестесін сәтті пайдаланып, 1-0 минималды есебімен жеңіске жетті. Кездесу басталысымен шабуылын ширақ бастаған талдықорғандықтар 52 минутта есепті ашты.Армениялық ойыншы Камо Огонесян қонақтардың қорғаушыларының қателігін сәтті пайдалынып, командасын алға шығарды. Мұнан кейін, қасқырлар тайлы-тұяғымен шабуылға шыққанымен Шабанов қорғаған қақпадан саңылау табалмады!
"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі