
8 күннің ішінде 3-матчты ойнап отырмыз. Бұл футболшылар үшін өте қиын. Тоқсан минут бойы барымызды салдық. Дегенмен нәтиже біз ойлағандай аяқталмады. Сондықтан өз жанкүйерлерімізден кешірім сұраймыз. Бұл футбол бірде ұтасың, бірде ұтыласың. Сол себепті бүгін біздің жолымыз болмады. Енді Қызылорда оралып, алдағы "Ертіспен" ойынға дайындықты пысықтауымыз керек.
"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі