
"Қайсардың" қос бірдей ойыншысы Ұлттық құрамаға шақырту алып, Бельгия және Сан Мариноға қарсы ойындарда ел намысын қорғайтыны анық. Бұған дейін Асхат Тағыберген 12 мәрте Қазақстан құрамасының жейдесін киіп, алаңға шықса, мұндай мүкіндік Александр Марочкинде тұңғыш рет болуы ықтимал. Сондай-ақ клубтың медиа қызметкері Бауыржан Елденбаев та құраманың штабына еніп, аталған ойындарда қызмет көрсетеді. Әріптестерімізге сәттілік!
"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі