
Бүгін Астана -Аренадағы ойын біз үшін сәтсіз аяқталды. Тіпті бұл матчты маусым барысындағы ең сәтсіз кездесу ретінде санаймын. Ел чемпиондарына қарсы ойынға мүмкіндік беріп, алаңға шығарғаны үшін бапкерлерге алғысымды айтамын. Дегенмен дебюттық ойынымда жеңіліске ұшырағанымыз өкінішті.Кездесудің екінші бөлігінде гол соғатын біршама мүмкіндігіміз болғанымен жүзеге асыра алмадық. Бұл нәтижені естен шығарып, алдағы шешуші ойындарға дайындықты бастаймыз
"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі