
Екінші лиганың 16 тур ойындары артта қалды. Бұл сында "Қайсар" жастары "Тобыл U-21" командасын қабылдап, тең тарқасты. Тоқсан минутта тартысқа түскен қос команда қақпашылардан саңылау таба алмай, тең нәижеге қанағат тұтты. Енді Жоламанов шәкірттері 5 шілдеде "Ақтөбе жастарына" қонаққа барады!
"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі