kz ru
Facebook VK YouTube Instagram
Kaysar football club

Оңтүстік дербиде "Қайсар" басым болды

   Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры тартысқа толы болды. Бұл турда қасқырлар "Ордабасыға" қонаққа барып, алаң иелерінен жеңісті жұлып алды. Оңтүстік дерби саналатын бұл кездесу қашанда қызу қанды өтеді. Сондықтан Шымқаладағы ойын 16 турдың орталық матчы саналды. Матч кешкі 19-00 де Рахымбаевтың ысқырығынан кейін басталды. Ә дегеннен алаң иелері сес көрсетіп, алғаш болып қауіпті шабуылды ұйымдастырды. "Ордабасының" бразилиялық легионері Жоау Паулоның айып алаңында тепкен жойқын соққысы қақпа бағанасынан кері серпілді. Мұнан кейін "Қайсар да" қарымта шабуыл ұйымдастырып, Непагодовтың әуселесін байқап көрді. Ойынның 37 минутында Дәмір Даутов жоқ жерден қателікке бой алдырып, Куле Мбомбоның ғол соғуына мүмкіндік жасады. Есеп 0-1. Араға 3 минут салып, алаң иелері есепті теңестірді. "Қайсардың" экс ойыншысы Тоқтар Жаңғылышбай қақпашы Исламқұловтан кері қайтқан допты шебер орындап, таблодағы есепті 1-1 ге өзгертті. 
Кездесудің екінші бөлігінде қауіпті шабуылдың басым бөлігін қонақтар ұйымдастырды. Тіпті  11 метрлік айып добы белгіленетін бірнеше сәттер байқалды. Дегенмен бас төреші Рахымбаевтың ысқырығы сол сәтте үнсіз болды. Кездесу аяқталар тұста Стойчо бапкер жас шабуылшы Өркен Маханға мүмкіндік беріп, алаңға шығарды. Төрешінің қосқан 6 минутының бітер тұсында Өркен бұрыштамадан асырған допқа бірінші жетіп, командасына жеңіс сыйлады.  Қорытынды есеп 1-2! 
"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі       
Жаңалықтар 01 шілде 2019 г. 1 840

Келесі матч

11.09.2022 18-00
Қызылорда
Первая команда Вторая команда
ФК "Қайсар" – ФК "Қыран"

Турнирлік кесте

  • «Қайсар»
  • «Қайсар U-21»
Команды
И
М
О
  • 1
    ФК «Окжетпес»
    26
    80-22
    61
  • 2
    ФК "Кайсар"
    26
    60-26
    56
  • 3
    ФК «Жетысу»
    26
    57-23
    52
  • 4
    ФК «Кайрат А»
    51
    61-31
    51
  • 5
    ФК «Кыран»
    26
    57-43
    41
  • 6
    ФК «Екибастуз»
    26
    45-47
    37
  • 7
    ФК "Тараз Каратау"
    26
    45-47
    36
  • 8
    ФК "Женис"
    26
    40-36
    35
  • 9
    ФК "Яссы"
    26
    47-52
    35
  • 10
    Фк "Онтустик Академия"
    26
    42-60
    30
  • 11
    ФК "Астана Ж"
    26
    50-62
    27
  • 12
    ФК "Игилик"
    26
    25-69
    21
  • 13
    ФК «Шахтер-Болат»
    26
    36-52
    17
  • 14
    ФК «Байконур»
    26
    16-71
    7
Команды
И
М
О
  • 1
    ФК "Каспий U-21"
    2
    4-1
    6
  • 2
    ФК "Кайсар U21"
    2
    3-3
    3
  • 3
    ФК «Атырау- U21»
    2
    2-2
    3
  • 4
    ФК «Актобе- U21»
    2
    0-3
    0