
Ең алдымен отандық футболдың барша жанкүйерлерін маусымның қайта басталуымен құттықтаймын! Таразға қарсы жақсы дайындықпен шықтық. Бірінші гол соққанымызбен, артынша қақпамызға гол жіберіп алдық. Өкінішті. Қарсыласымыз қорғана жүріп, қарсы шабуылдарға иек артты. Бүгінгі ойынның нәтижесіне көңілім толмайды. Өйткені біздің бірнеше гол соғаттын сәттеріміз болды,